Қайырымдылық Қор

ҚОР ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ

«Жаннатул фердауси» қайырымдылық қоры «Сарыағаш» медресе-колледжінің жанынан құрылды. Оқу орны Сарыағаш қаласынан 14 шақырым жердегі Ынтымақ ауылында орналасқан. Мұнда діни білім алуға мүмкіндік мол, техникалық базасы жетілген. Имандылық ордасының түлектері еліміздің әр тарапында түрлі салада адалдықтан айнымай, жұрт бірлігі мен дін татулығы жолында қызмет етіп жүр. Қазір 797 шәкірт (ұл, қыз) қайнарлы дәстүрімізден қуат алып, сүннетпен сусындап өсіп келеді. Олардың білім биігінен көрініп, дара тұлға болып танылуына 56 ұстаз күш-жігерін сарп етуде. Білім ұясының міндеті – жоғары діни оқу орындарына діни діңгегі мықты буын тəрбиелеп беру. Сондай-ақ Әл-Фараби, Абай, Ахмет, Шәкәрім, Қажымұқан сынды ұлт руханияты жанашырларының ізін жалғастырушы ұрпақ дайындау. Бұрын тек қана медресе ретінде жұмыс істеп келген оқу ордасы 4 жылдан бері колледж мәртебесіне ие. Қордың құрылуы да осы кезеңге тұспа-тұс келеді. ҚР Әдiлет министрлігінде 2016 жылы 11 сәуірде тіркелген. Құрылтайшы абдужаппар шәкірұлы сманов. Қор жұмысының мақсаты – «Сарыағаш» медресе-колледжіне халықтың зекет-садақасын жеткізу, мұқтажды басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету.

ҚОРҒА ҚАРАЖАТ ҚАЛАЙ ЖИНАЛАДЫ?

Негізі ақша садақа жәшіктері мен көпшіліктің көмегімен жиналады. Әрбір жәрдем берілген сайын жарнамасын жасап, әлеуметтік желілерде елді хабарландырып, сүйінші сұраймыз. Осыны оқып отырған жан сіз де ұмытпай үлесіңізді қосыңыз, бір жағы сауап, бір жағы қаншама әпке-қарындастарымызды қуандырып, жетімдердің көз жасын сүртіп жатырмыз. Бізді оқыған адамдар, әрине біреуді қуантып, сауап жинағысы келеді. Сондай жандардың себебімен қаражат жиналуда.
Біреу 500, 1000 теңгесін, біреу 5000 теңгесін әркім өз шамасы келгенше салып жатыр.
Медресеге
ЖИНАЛҒАН ҚАРАЖАТ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?
Имамдарға
Мұқтаж жандарға
ҚМДБ қарасты «Сарыағаш» медресе-колледжі жанындағы құрылыстарды, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға
Ілім жолында жүргендерге, медресе-колледж ұстаздары мен қор қызметкерлерінің жалақысына
Уақытша жағдайы төмен болған
отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі
жандарға
Ислам орталығы
Оқу ғимараты (5 қабатты)

Жатақхана (4 қабатты)
Қыздар ғимараты

Жатақхана (2 қабатты)

Бассейн
Спорт кешені
Футбол алаңшасы

ҚҰРЫЛЫСЫ БІТПЕГЕН НЫСАНДАР

«...Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның (жұмсағандарыңның) орнын қайта толтырады.
Ол ‒ ризық берушілердің ең қайырлысы»
Қыздар оқу корпусы
5 қабатты
Ұстаздар жатақханасы
4 қабатты,
54 отбасыға арналған,
92х12 м
Заманауи дәретхана
2 қабатты,
26х22м

«Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаға бұрса, онда оның
сыйлығы ‒ Раббысында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды»,

(«Бақара» сүресі, 112-аят)

Реквизиттер
«Жаннатул Фердауси» Қайырымдылық Қоғамдық Қоры
Сманов Абдужаппар Шәкірұлы 
Қор құрылтайшысы
Ақпарат

«Жаннатул фердауси» қайырымдылық қоры

Ағымдағы есепшот: KZ32826X0KZTD2006362

АҚ "АТФ Банк"

Тіркеу мекен-жайы: Қазақстан, 160440012069, Түркістан обл, Сарыағаш ауд, Жартытөбе а/о, Ынтымақ ауылы, Аппаз ата көшесі, 1.

БИН: 160 440 012 069


Қайырымдылық жасау 

Біздің KASPI GOLD

ЖСН нөмірі

610924300665

Карта нөмері

5169 4931 3581 0433

Телефон номері:

8 (702) 454 67 21


Біз туралы 
Сәттілік тілеймін. Ізгі амалдарыңыздың бәрі екі дүниелік болсын! Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сонымен қатар сауабы да үлкен. Мұндай қордың жұмыс істеуі медресе-колледждің дамуына зор септігін тигізеді. Көптеген адамдарға қуаныш сыйлап, олардың алғысын ала беріңіздер! Жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын!
Ержан МАЛҒАЖЫҰЛЫ
экс-мүфти, дін қайраткері
Қоғамда қайырымдылықтың жиі насихатталғанын, көрініс бергенін құптаймын. Жасап жатқан қайырлы амалдарыңыз бұл дүниеде тікелей көрінбеуі мүмкін. Махшар алаңында, қабірге барғанда, сират көпірінен өтерде, амалдар таразыға түсерде істегендеріңіздің бәрі алдарыңыздан шығады. Сондықтан көптеген сауапты шараларды жасап жатқан сіздерге Құдай риза болсын!   
Мұхиддин ИСАҰЛЫ
теология ғылымның докторы, исламтанушы ғалым
Бұл – ізгіліктің көрінісі. Кез келген қиын жағдайда адам әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. «Жаннатул фердауси» қорының құрылуы мен бүгінгі таңдағы жұмысы мені қуантады. Ілім иелерінің жағдайын жасап, шын мұқтаждарға жәрдем беретін қор үлкен құрметке лайық. Игі істеріңізге береке тілей отырып, қайырымды іспен айналысып жүрген жандардың сауапты істегі қажыр-қайраты мұқалмасын деймін.
Мұхтархан ДІЛДӘБЕКОВ
бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері
Қордағы қайырымдылықтың бәрі – жамағаттың ықыласы, көпшіліктің жақсылыққа деген ынтасы. Бұл қанша жұрттың сеніп отқан көзі. Сондықтан қорда істейтін қызметкерлерден талап ететін басты нәрсе – адалдық және терең ықылас. Ниет Құдайға уәде беріліп басталған іс болса, оның дамуы - Алланың қолында, Раббым оны өз кепілдігіне алады. Адалдықты сақтай білу міндет. Басты мақсат Құдайдың ризалығы.
Алау ӘДІЛБАЕВ
белгілі дінтанушы, профессор
Жаннатул Фирдауси Қайырымдылық Қоғамдық Қоры

ҚОРДЫҢ БАС КЕҢСЕСІ

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Күншығыс» мөлтек ауданы, 42/2

Байланыс телефоны: +7 (771) 535 00 55


ФИЛИАЛДАРЫМЫЗДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы көшесі, 13 үй. Байланыс телефоны: +7 (700) 584 77 07
Алматы қаласы, Төле би көшесі, 299 үй. Байланыс телефоны: +7 (776) 037 00 05
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 3 үй. Байланыс телефоны: +7 (700) 584 77 07
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Әсет Бейсеуов көшесі, 151 үй. Байланыс телефоны: +7 (776) 037 00 05
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ақбұлақ мөлтек ауданы, 4 үй. Байланыс телефоны: +7 (747) 946 45 04
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Нұрділла Өтебеков көшесі, 36 үй. Байланыс телефоны: +7 (771) 535 00 55
Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Юрий Гагарин көшесі, 40 үй. Байланыс телефоны: +7 (705) 141 24 76
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Күнгей» шағын ауданы, Қалибек Қуанышбаев көшесі, 5 үй. Байланыс телефоны: +7 (702) 127 86 46
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 117 үй. Байланыс телефоны: +7 (771) 164 18 49

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Стахановская көшесі, 70 үй. Байланыс телефоны: +7 (777) 122 66 83

Біз демалыссыз жұмыс жасаймыз!
Ассаламуғалейкум уа рахматуллахи уабаракатух!
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website